ZHAS PROJECT 2024 қорытынды форумы: әлеуметтік даму мен жаңа мүмкіндіктер
2024 жылдың 4 желтоқсанында Астана қаласында, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының базасында «ZHAS PROJECT» жобасының қорытынды форумы өтті. Іс-шараға жобалық кеңсенің өкілдері және Жамбыл мен Ұлытау облыстарынан келген қатысушылар қатысты. Қалған қатысушылар форумды YouTube платформасы арқылы онлайн бақылап, өз пікірлерін білдіріп отырды.
Форумның басты мақсаты – жобаға қатысушылардың жетістіктерін көрсету және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан үлесін атап өту. Форум бағдарламасы жан-жақты ұйымдастырылып, оның аясында республикалық деңгейдегі кіші гранттар шеңберінде жүзеге асқан үздік әлеуметтік жобалардың көрмесі ұйымдастырылды.
Ұлытау облысынан қатысушы Назерке Әбенова ерекше қызығушылық тудырған жобалар қатарында болды.
Абенова Назерке өз жұмыстарын ұсынды
Назерке Ұлытау облысының тумасы
ZHAS PROJECT аясында ол "Дидактикалық ойындар" жобасын әске асырып, мектепке дейінгі тәрбеишілер үшін арнаулы материалдар дайындады
Мен Астана қаласында өткен осындай шараға қатысқаныма қуаныштымын. Елордаға алғашқы рет келуім. Осы сапар аясында ұлытаулық жастар атынан қатысып, біздің кәсіпкерлік және әлеуметтік бастамаларымызды таныстырғаным, кеудеме қуаныш кернейді
Назерке
ZHAS PROJECT ULYTAU
Made on
Tilda